14 жастағы қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

1 391

Фото: freepik.com48 жастағы ер адам 14 жастағы қызды зорлаған. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында педофилге үкім шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот отырысы жабық режимде өтті. Прокурордың мәліметінше, сантехник-слесарь екі қызды көшеде кездестіріп қалған. Олар ер адамның күшігіне қызығып, уақытша сұрап тұрады. Мектеп оқушылары күшікті алады, бірақ сол күні кешке оны қайтару үшін біреуі жалғыз келген.

Мас адам оны пәтерге кіргізіп, күш көрсеткен. Кешкі уақыттан таңға дейін ер адам жасөспірімді бірнеше рет зорлаған. Сонымен бірге ол жәбірленушінің телефонына видео да түсірген. Сол видео тергеуде негізгі дәлел болды. 

Тергеу барысында ер адамның бұрын 6 рет сотталғаны белгілі болды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.