Қазақстанда педофилдерге қатысты жазаны күшейту шаралары қарастырылып жатыр

2 308

Фото: freepik.comДенсаулық сақтау министрлігі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қағидаларына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылған педофилдерге химиялық кастрация түрмеден босатылмай тұрып қолданылады.

Құжатта мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы ұсынысты сотқа жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей жолдауы тиіс екені жазылған. Сараптама сотталған адамның психикалық ауытқулары мен жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділігін бағалау үшін қажет. Ал химиялық кастрация шарасы босатылуына алты ай қалғанда жүзеге асырылады.

Бұйрық жобасы 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.