Халық тарапынан көтерілген мәселелер мерзімінде шешімін табуы тиіс
Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағылығымен әкімдік мәжілісі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жиында үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында қала, кент және ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі және нысандарды аралау барысында көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалуы мен коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар мен электр және ауыз су нысандарын теңгерімге беру жұмыстары пысықталды.
Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев баяндады. Елдімекендерді аралау барысында тұрғындар тарапынан 217 ұсыныс-пікірлер мен өтініштер түсіп, іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген. Баяндамашы іс-шара жоспарындағы тапсырмаларға тоқталып, орындалу барысына талдау жасады.
Сонымен қатар, жиында көтерілген екінші мәселе – аудан бойынша коммуналдық меншіктегі бос тұрған ғимараттар мен электр және ауыз су нысандарын теңгерімге беру жұмыстарының барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Рашев хабарлады.
Бұдан бөлек, аудандағы электр және ауыз су нысандарын теңгерімге беру жұмыстары жөнінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Ұзақов тоқталып өтті.
Талқыланған мәселелерге байланысты аудан басшысы қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану немесе сату бойынша және ауыз су нысандарын теңгерімге беру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Жиын барысында мұнан бөлек елді мекендердің санитарлық тазалығына қатысты кемшіліктерге тоқталып, халықты «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқанына атсалысуға шақыру қажеттігін айтты.
Арал ауданы әкімдігі