Елде қант тапшылығы болғанына қарамастан, Қазақстан экспортты 400 есеге арттырды

1 121

Фото: pixabay.comҚазақстандық қант қызылшасын өсірушілер егін жинау науқанын аяқтауға жақы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, биылғы егін көлемі өткен маусымдағыдан екі есе көп болады деген болжам бар.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарасақ, биылғы қаңтар-шілде айлары аралығында елдегі зауыттарда 93,4 мың тонна қант өндірілген, бұл 2023 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 35,6%-ға аз.

2023 жылы өндірістің үлесі 43,2% болса, биыл бар болғаны 29%-ды құрады. Елдегі қант қажеттілігін қамтамасыз етуде импорт көш бастап тұр, оның үлесі 71%-ға жетті.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар қанттың көп бөлігін негізінен Ресейден келетін импорт есебінен тұтынып отыр. Өйткені қант өндірісі азайғандықтан, 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында импорт 19,9%-ға өсті.

Ел ішіндегі қант тапшылығына қарамастан, Қазақстанның қант экспорты 400 есеге өсті.






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.