Қызылордалық шаруалар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға кіре алмай жүр

489
Қызылордалық шаруалар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға кіре алмай жүргені туралы желіде видеоүндеу жарияланды,-деп хабарлайды «Оpennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Ауыл шаруашылық эксперті Алмасбек Садырбаев бұл мәселеге байланысты еш таңқалмайтынын білдірді. «Тіпті осының алдында жарияланған байдың мүддесін қорғайтын 368 мың әрбір сиырына төлейтін  қаржы жайлы жауап бермедіңіз. Соны не ақ деген жоқсыз,не қара деген жоқсыз. Мәселе көп. Біз сізге жау емеспіз. Қызылорданы асырап отырған малшы қауымы сізбен кездеседі деп сенеміз» - дейді эксперт. 



Видеоүндеуде сөйлеген шаруаның бірінің айтуы бойынша облыс әкіміне мүлдем кездесе алмай жүргендерін айтады. 2020 жылы желтоқсан айында Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы малшылармен кездесуде «қандай жағдай болса да малшылармен кездесуге дайынмын» деп уәде берген көрінеді. Одан бері малшылар әкімшіліктің алдында 4-5 рет жиналған. Барған уақытта үнемі жоқ деп айтыпты. «Мал қырылып жатыр, шөп қымбаттап жатыр, сізбен қалай кездесеміз?», дейді шаруа. 

 «... субсидия алу мүмкін емес. Былтырғы субсидияның өзін ала алмай жүргендер бар. Биылдыққа түгел селекция алмадық. Кімнен сұрайтынымызды білмейміз. Облыс әкіміне кіре алмай жүрміз. Басқалары жөнді жауап бере алмай жүр», - дейді келесі бір шаруа. 


Естеріңізге сала кетсек, үстімізде жылдың мамыр айынан бері  Қазақстан Республикасы Қаржылық монитринг агенттігі Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі бойынша облыстық ауылшаруашылық басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. 

halyqline.kz сайтында: «Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғалары өздерінің қызмет бабын пайдалана отырып, облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жобалар бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келіп, аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Яғни, бұл қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, жұмыстардың толық орындалғаны туралы жалған актілерді толтырып, қол қойған.

Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн 792 мың теңгені құрап отыр»- деген ақпарат жарияланған.
 
Желі қолданушылары қызылорда облысында соңғы уақытта бүкіл саланы «кері кетті» деп сынға алып пікір қалдыруда. Сыни көзқарастардың негізсіз емесі де анық. Себебі Қызылорда облысында үш бірдей басқарманың басшылары істі болып тергеуде жатқан көрінеді. Бейресми ақпарат бойынша Полиция басқармасының басшысы да заңсыз есірткі бизнесіне шатылып басы дауға қалып жатқан көрінеді.  


Саққұлақ