Бір отбасы көмір түтінінен уланып қалды

398
 Абай облысының Бородлихо ауданында бүтін бір отбасы көмірден шыққан ыстан уланып қалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан түнгі 23:40 шамасында Бородулиха ауданының орталық ауруханасынан хабар түскен.

Медицина мекемесінің хабарлауынша, бір отбасының 6 адамы көміртегі тотығынан орташа дәрежеде уланған.


Қазір 5 баласы мен анасының жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында болып, таңертен үйіне қайтарылған.

Көміртегі тотығынан улану мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған.


Абай облысының ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін еске салады.


Жылыту кезеңінің басталуымен көміртегі тотығымен улану қаупі артады. Сондай-ақ, мұржаларды уақытында тазалап отыру қажет,- делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.