БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі жүргізуші қаза болды

335
Батыс Қазақстан облысындағы Самара-Шымкент республикалық тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мәліметінше, 10 наурызда сағат 17.15 шамасында Самара-Шымкент тасжолында Сырым ауданы, Алғабас ауылына жақын жерде КамАЗ және DAF көліктері соқтығысқан.

"Соқтығыс салдарынан DAF көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Құтқару жұмыстары кезінде КамАЗ-дағы 35 жастағы жүргізуші есін жимастан қаза болды. Біраз уақыттан кейін ВАЗ 2115 көлігі тасжолда тұрған КамАЗ көлігіне соғылып, 21 жастағы көлік жүргізушісі мен 52 және 36 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.