Қостанай облысындағы демалыс орнында аю кішкентай қызды тістеп алды

407

5 қыркүйекте ата-анасымен бірге бес жасар қыз Қостанайдағы демалыс базасына барады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұдан соң анасы мен қызы демалыс базасынан тордағы аюды көріп, тамақтандыруға шешім қабылдайды. Алдымен аю тыныш әрекет етіп, ештеңе істемейді.
 
Кейінірек кішкентай қыз өздігінен торға жақындаған. Осы кезде жануар баланың аяғынан ұстап, бірнеше рет тістеп алған. Баланың жанұшыра айқайлағанын естіген ата-анасы жүгіріп келіп, оны аюдың аузынан құтқарып қалады. 


Аю қыздың сирағын тістеп алған. Дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл фактіні полиция растады және Қостанай ауданының полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 114-бабы "денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.


Баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейін айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді. Полицияның мәліметінше, алғашқы тергеу амалдары жүргізілген.


 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.