Жемқорлық жайлы хабар бергендерге сыйақы беріледі

1 503

Фото:© Opennews.kz/ ЖИҚазақстанда жемқорлық туралы хабарлағандарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібі жаңартылды. ҰҚК төрағасы тиісті жаңа бұйрыққа қол қойған. Сыйақы көлемі параның немесе келтірілген залалдың мөлшеріне байланысты есептеледі. Жекелеген жағдайларда төлем көлемі 17,3 млн теңгеден асуы мүмкін.

Азаматтың берген ақпараты тексерілгеннен кейін материалды арнайы комиссия қарайды. Оң шешім қабылданса, сыйақы өтініш берушінің банк шотына бір ай ішінде аударылады. Ал қызметтік міндетіне байланысты жемқорлық фактілері туралы хабарлауға тиіс мемлекеттік қызметшілерге ақшалай сыйақы берілмейді. Оның орнына олар алғыс хатпен немесе грамотамен марапатталуы мүмкін.  Жаңа ережелер 22-ші тамыздан бастап күшіне енеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.