Заңсыз жүргізуші куәліктерін алып берген ХҚКО-ның басшысы ұсталды

360
Астанада арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы жүргізуші куәліктерін заңсыз беру және шетелдік автомобильдерді есепке қою деректерімен ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



60 мыңға жуық жүргізуші куәлігін заңсыз берген және заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылған. Қылмыс Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жасалды. 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.


Елордада алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысқан арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалар ұсталды, - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Қылмыстық топ алдау жолымен азаматтардан ақша алып, 500-ге жуық көлік құралын заңсыз тіркеген.

Тергеу сотының санкциясымен қылмыстық топтың 9 мүшесі, оның ішінде елордалық арнайы ХҚКО басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.