Маңғыстауда бірнеше түлек жол апатына түсті

510
25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ мәлімдеді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жеті адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде жатыр.


"Апатта екі түлек санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Қалған бес баланың жағдайы орташа. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр", - деді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

Бұған дейін Желіде Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалған еді. Түлектер мінген көліктер қауіпті трюктер жасаған. Сонымен қатар, кадрларда мектеп бітірушілердің көліктің терезелерінен бастарын шығарып, айқайлап жүргенін байқауға болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.