Пара алған азаматты хабарлағандар 1,3 млн теңге сыйақы алды
241

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына сәйкес, 3 азаматқа сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін барлығы 1 290 545 теңге сыйақы берілді, - деп хабарлады өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, құзырлы орган мәліметінше, 9 айдың ішінде облыста жеңілдетілген қантқа қатысты да заңсыз әрекеттер анықталған.
Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде тұрақтандыру қорына 3 тонна қант қайтарылып, бірнеше жауапты тұлға қызметінен босатылған.