25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды

1 541

Polisia.kz25 миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«20 сәуірде Көксу ауданының полициясына Акционерлік қоғамның өкілінен арыз түсті. Онда аудандық филиал директорының кассадан қомақты соманы алып, белгісіз бағытта қашып кеткені хабарланған», - деп хабарлады ІІМ.


Акционерлік қоғам өкілінің айтуынша, күдікті өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, қолма-қол ақша алып, жоғалып кеткен. Тексеру барысында 25 миллион теңгеден астам ақшаның жетіспейтіні анықталды.


«Іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады. Жауап алу кезінде ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірген», – дейді Көксу АПБ бастығының орынбасары Әділет Мақашев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.