Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай кен орнында мерт болды

408
Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға жергілікті мұнай өндіру компаниясының өндіріс орнында болған. Ал көз жұмған жұмысшы сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген.

«Сырдария ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Қылмыстық–процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.