Сотталушыдан 2 млн теңге пара алған судья сотталды

1 543

Тараз соты судья Фариза Өтешованы кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Әйел сот залында қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұған дейін Тараз қаласы №2 сотының судьясы Фариза Өтешованы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің ұстағаны белгілі болған. Ол мас халде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен 2 миллион теңге пара алды деген күдікке іліккен еді. Бұл ақша сотталушыны жүргізуші куәлігінен айырмау туралы сот шешімі үшін сыйақы ретінде тағайындалған.


Сол себепті судья Фариза Өтешованың үстінен ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.