SOS дабылы арқылы телефон ұрлаған күдікті анықталды
Өскеменде қоғамдық орындардың бірінде азаматтың телефонын алдап алып кеткен ер адам "SOS" дабыл тетігінің көмегімен тәулік ішінде анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы үйлердің бірінің маңында болған. Белгісіз ер адам 32 жастағы қала тұрғынына шұғыл қоңырау шалу қажет екенін айтып, ұялы телефонын сұрап алған. Телефонды қолына алған соң оқиға орнынан қашып кеткен. Телефонынан айырылған азамат жақын маңдағы "SOS" дабыл тетігін басқан. Сигнал Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына түскен. Оператор жәбірленушімен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтағаннан кейін патрульдік полиция нарядтарына күдіктінің белгілері бойынша бағдар берілген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын тәулік ішінде анықтаған. Ол Өскемен қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шыққан. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция "SOS" дабыл тетіктері төтенше жағдайда тұрғындардың полициямен жедел байланысуына мүмкіндік беретінін еске салған. Құқықбұзушылыққа тап болған азаматтар аталған жүйені пайдаланып, көмек шақыра алады.
Қаз
Рус






