Елімізде несиеге пайыз қоспайтын банк ашылмақ

389
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға келуі мүмкін Marsaf ислам банкі туралы айтты, - деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Masraf, ол – ислам банкі. Өздеріңіз білетіндей, олардың қызметі ерекше. Несиеге пайыз қоспайды. Оның қашан ашылатындығына қатысты мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр», – деді Сауда министрі.

Сонымен қатар Сауда министрі Қатар мемлекетімен құқықтық база жолын салатын ауқымды келісімдерге келетінін айтқан болатын.

«Жалпы, Қатар – Парсы шығанағындағы өте күрделі мемлекет. Бірінші кезекте, өте бай ел. Біздің Қатармен  қарым-қатынасымыз бұрыннан жақсы деңгейде келеді. Бүгін  мемлекеттер екі шартқа қол қояды. Олар, біріншіден, метрологиялық сертификация, екіншіден, сауда-экономикалық ынтмақтастық туралы келісімдер. Бұл екі елдің сауда байланысына құықтық база қалыптастырып, жол ашатын болады», – деді Жұманғарин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.