Арыз жазудан бас тартты: Ақтөбеде ер адам әйелін ұрып, үстіне қайнаған су құйған

323


Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйған, алайда жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Жергілікті Range басылымының жазуынша, ауруханаға келген полицияға жәбірленуші әйел арыз жазудан бас тартатынын айтқан.


Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйел жүкті кезінде күйеуі басын сындырған, бірақ ол кезде де полицияға жүгінбеген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста.

"Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жәбірленушіден өз абайсыздығынан күйік алғандықтан ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ әлеуметтік желіде ақпарат жарияланғаннан кейін қосымша тергеуге дейін тексеру жүргізілді. Оның барысында жәбірленуші полицияға да, ауруханаға да арызданбаған отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Қазір жәбірленушінің күйеуіне шара қолдану туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.