Жүкті қызметкерін жұмыстан қуған әкімдік мәжбүрлі түрде 1 млн теңгеден аса қаражат төлемек

183

Ақтөбе облысында әкімдік жүкті қызметкерін жұмыстан шығарғаны үшін оған миллионнан аса ақша төлеуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оқиға Кеңқияқ ауылдық округінде болған. Время сайтындағы дерекке сүйенсек, 37 жастағы әкімдік аппаратының сектер меңгерушісі өткен жылдың қыркүйек айында гинеколог тексеруінен өткен. Нәтижесінде дәрігер әйелді Ақтөбе қаласындағы маманға жүгінуге жолдама береді. Осылайша қызметкер әкімге өз жағдайын түсіндіріп, дәрігерге қаралатынын айтқан. Әрі анықтама қағазымен келетініне де тоқталады. 


Бірақ бірнеше күннен кейін жүкті әйел өзін жұмыстан шығарып жібергенін білген. Себеп жұмыс орнында болмауы. 


Осылайша бұл жағдай сотта шешіліп отыр. Қызметкер медициналық анықтамасын дәлел ретінде көрсетсе, әкімдік 10 қызметкердің қолы қойылған құжатты ұсынған. 


Темір аудандық соты барлық дәлелдерді таразылап, аппарат жүкті әйелді жұмыстан шығаруға асықты деген қорытындыға келді. Заң бойынша, оның жағдайында келіншек тәртіптік жазамен шектелуге міндетті еді. 


Қорыта келе сот осылайша әкімдік әрекетін заңсыз деп танып, аяғы ауыр әйелді бұрынғы қызметіне қайта алуды міндеттеді. Әрі бір миллион теңгеден аса ақша төлеуді кесті. Оның 150 мың теңгесі әйелдің жалдаған заңгері үшін өтелсе, 100 мың теңге моральдық шығын ретінде қарастырлған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.