Қызылордалық балалар облыс әкімінен ойын алаңқайын салып беруді сұрады
849
Қызылорда қаласының балалары облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан балалар алаңқайын салып беруін сұрады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Инстаграм әлеуметтік желісінде «Критика Кызылорда» парақшасында жарияланған видео үндеуде Титов мөлтек ауданы №13 тұрғын үйдің балалары облыс әкімінен ойын алаңын сұрап видео жолдаған. Олар жаз айы басталысымен көрші ауланың балалар алаңқайына барып ойнайтынын және ол алаңқайдан бөлек өз аулаларына жаңа алаңқай салуды сұраған. Ал жергілікті билік Титов мөлтек ауданында 15-тен аса ойын алаңы бар екенін, көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласына бір жыл ішінде ойын алаңын салып біту мүмкін емес екенін хабарлайды. Агенттік өкілдері жауапты мекемеге жолдаған сұрау бойынша, аталмыш мәселе бойынша бюджетке ұсыныс енгізіліп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетінін жеткізді.
Динара Бахтиярова,
журналист