Қазақстандықтарды 56 млн теңгеге алдаған әйел сотталды
34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болғандардың қатарында Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны бар, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген.
Бұл жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді. Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қаз
Рус






