10 оқушы бұрыш спрейнен уланып қалды
Шымкентте 10 оқушы бұрыш спрейінен уланып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болды. Жекеменшік «Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастапты.
Бұрыш спрейін мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.
Қаз
Рус






