10 оқушы бұрыш спрейнен уланып қалды

1 236

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: DELFI / Domantas PipasШымкентте 10 оқушы бұрыш спрейінен уланып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.


Оқиға бүгін сағат 12:25 шамасында болды. Жекеменшік «Зере» мектебінің 10-сынып оқушысы ойнап жүріп бұрыш спрейін терезеге қарата шашқан. Содан өзге оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастапты.


«Мектептен 10 оқушы өзінің мазасыз сезінуіне байланысты алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көмегімен Шымкент қалалық токсикологиялық ауруханасына жеткізілді. Оқыс жағдайдан кейін оқушылар үйіне қайтарылды. Қазір жағдай бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп ғимараты зарарсыздандырылған. Мектепте оқу процесі 1 ауысымда жүргізілетін болғандықтан, оқу ертең жалғастырылады», – делінген басқарма тарапынан ұсынылған ақпаратта.

Бұрыш спрейін мектепке әкелген оқушылар алдын ала тергеп-тексеру үшін Тұран аудандық полиция бөліміне заңды өкілдерімен жеткізілді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.