Терезеден құлаған екі бала ауруханаға жеткізілді

1 517

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:©Көрнекі сурет: Mariyariya/Getty ImagesҚарағандыда екі бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, оқиға 17-ықшамауданда болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қараусыз қалған 2021 және 2024 жылғы екі ұл бала бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Балалар әр түрлі жарақаттармен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға кезінде үйде ересектердің болмағанын атап өтті. Жыл басынан бері облыста 10 бала терезеден құлап кеткен.

Департамент ата-аналар мен заңды қамқоршыларды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

-балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

-москит торына сенбеңіз — олар баланың салмағына төтеп бере алмайды;

-терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокираторларды орнатыңыз;

-баланың терезеге өрмелеп шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды терезе жанына қоймаңыз.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.