Мүлікті қасақана бүлдірген 20 адам жазаланды

1 507

 Фото©️видеодан алынған скринАстанада жыл басынан бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 13 адам қамауға алынды, 7 адамға жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі, Kazinform ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Астаналық тұрғын ағымдағы жылдың 14 -ші ақпанында бала арбасын қасақана зақымдағаны үшін сотпен 20 тәулікке қамаққа алынып, ол өз әрекетімен 30 мың теңгеге шығын келтірген.
44 жастағы ер адам мас күйінде кафе есігінің әйнегін сындырған. Ол 5 тәулікке қамалған. Ұқсас жағдай 11-ші қаңтарда, астаналық 21 жастағы азаматша «Toyota» автокөлігінің алдыңғы есігін қасақана зақымдаған. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Прокуратура елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай заңсыз әрекеттері үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылатынын ескертеді, - делінген хабарламада.