Елімізде киіктерді ату басталады

1 606

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеуге қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Биологиялық негіздемеге сәйкес, киік санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – коралдық (киіктерді айдап кіргізетін қоршау) әдіс. Бұл іс-шара әдетте күндіз жүргізіледі. Екіншісі – түнгі уақытта ату. Біз бірінші жолмен жүрдік. Алайда, ауа райының жағдайына және көлікті тиімді пайдалану мүмкіндігінің жоқтығына байланысты еінші әдісті жоспарлап отырмыз. Мен жауаптан қашпаймын, киік санын реттеу қажет», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Ведомство басшысының атап өтуінше, бүгінде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кетті.


«Бұл қасқыр сынды тахи реттеушінің жоқтығын орын алып отыр. Бұрын жұт, құрғақшылық болып, жайылым болмай қалатын. Мұнан бөлек, ауру таралатын», - деді Ерлан Нысанбаев.


Министрдің дерегінше, осы уақытқа дейін коралдық әдіспен 90-нан астам киік ауланды. Сонымен қатар 14 киік атып алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.