Әлеуметтік маңызы бар тауарға бағаны негізсіз көтерген кәсіпкер анықталды

1 510

©Photo: Пресс-служба Министер торг и интеграции РКШығыс Қазақстан облысында кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстеме бағамен өз өзіне қайта сатқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті электрондық шот-фактураларды талдау барысында бағаларды жасанды түрде көтеру схемасы анықталған. Өңірдегі жеке кәсіпкерлердің бірі жасанды делдалдық буын құрған. Кәсіпкер тауарларды, яғни қарақұмық жармасы, қант, тұзды сатып алып, оларды өзіне қарасты ЖШС-ға қайта сатқан. Осындай "өзіне өзі қайта сату" нәтижесінде халық үшін маңызды тауарлардың соңғы бағасы негізсіз өскен.

"Мәселен, қарақұмық жармасына 127% сауда үстемесін қосқан. Сатып алу бағасы 241 теңге болса, 550 теңгеден сатылған. Ал қантқа сауда үстемесі 45% жеткен. Ас тұзына 41% сауда үстемесін қойған", - деп жазылған хабарламада.

ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.