Торттан адамның тісі шықты

1 514


Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған торттан адамның азу тісін тауып алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылының тұрғыны Владимир Медведев елдімекендегі азық-түлік дүкенінен кондитерлік өнімді сатып алған. Тортты кесіп жатқанда ортасынан адамның азу тісін алып шыққан. Тіпті бұл жайтты видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Компания өкілдері мәселені жылы жабуды өтініп, тұрғынға моральдық өтемақы ұсынған көрінеді. Ал кәсіпкер тұтынушы менен ақша бопсалады деп полицияға арыз жазған. Тәртіп сақшылары тергеу жүргізіліп жатқанын растаған.

“Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасы бөлімі бастығының орынбасар Махаббат Әбжанова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.