Алматы облысында төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды

455

Фото: polisia.kzАлматы облысы Қорам ауылында төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) айыпталуда. 
Аталған баптағы ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

 "28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады", - дейді Алматы облысының прокуратурасы. 

Еске сала кетейік, қайғылы жайт 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында болған еді. 54 жастағы жүргізуші 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.