Ата-анасын өлтірді деген күдікпен 20 жастағы ұлы ұсталды

1 533

Фото: Opennews.kz ЖИҚарағанды облысының Теміртау қаласында 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оларды өлтірді деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Полицияға екі адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамның жеке басын анықтаған. Ол марқұмдардың 20 жастағы ұлы болып шықты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.