Сәлем салу күнә ма?

240

Көпшілік әлеуметтік желі арқылы танымал болған Нұрлан қажы Байжігітұлы қазақтың салт-дәстүрін күнә деп санайтындарға жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

TikTok желісінде тікелей эфир кезінде оқырмандардың бірі имамға "Сәлем салу күнә ма?" деген сұрақ қойды. Имам көптің көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, күдігін сейілтті.

Кавказда, Татарстанда қазақ туралы айтып жүргендерді көрдім. "Сәлем салу күнә" деп біреулер далбасалап жүр. Ешкімді тыңдамаңыздар. Сәлем салу — қазақтың дәстүрі, — дейді Нұрлан имам.


Сондай-ақ ол сәлем салудың пайдасын да атап өтті.

Бұл дәстүрдің ең кішкентай әрі басты пайдасы — белің "грыжа" болмайды. Протрузия деген аурумен ауырмайсың. Сәлем сала бер, — деді имам.






Сауалға нақты жауап берген имам желі қолданушыларын риза қылды.
"Сәлем салу деген үлкендерге сый-құрмет", "Өте орынды айттыңыз", "Қайын ата, қайын ағасымен бетінен сүйіп амандасқаннан көрі сәлем салған дұрыс", "Сәлем салсаң алғыс аласың, бата береді", "Сізді тыңдай бергім келеді", — деп жазды желідегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.