87 жастағы әйел мен оның 47 жастағы күйеуі бақытты некенің құпиясымен бөлісті

356

Ұлыбританияның Сомерсет графствосында тұратын 87 жастағы әйел 47 жастағы күйеуімен бірге отау құрғандарының 17 жылдығын атап өтіп, 40 жас жас айырмашылығына қарамастан бірге өмір сүруге мүмкіндік берген берік некенің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап. 

Фото:  Daily Mail


Эдна мен Саймон Мартин алғаш рет 18 жыл бұрын концертте кездескен. Ерлі-зайыптылар бір-біріне бір көргеннен ғашық болғандарын айтады. Саймонды өзінің сүйіктісінен екі есе кіші екеніне мүлде қысылмаған көрінеді. 


"Жас дегеніміз – ішкі күйіңнің көрінісі. Егер сіз өзіңізді кәрі сезінсеңіз, онда сіз шынымен кәрісіз", - дейді ол.


2005 жылдың 8 шілдесінде ерлі-зайыптылар үйлену тойын жасаған. Саймонның отбасына ұлының жұбайының өздерінен үлкен екендігіне үйрену үшін біраз уақыт керек болыпты. Алайда ата-анасы оның қаншалықты бақытты екенін көргеннен кейін, жас айырмашылығына назар аударуды мүлде қойған. 
Эднаның балалары мен немерелері оның таңдауын қолдап, үйлену тойларында бірге болған.


"Мен әрқашан анамды тұрмысқа беруді армандайтынмын. Бұл күннің туғанына қуаныштымын", — деді Эднаның ұлы үйлену рәсімінде.




Үйленгендерінің 17 жылдығына орай Эдна күйеуіне білезік, Ал Саймон оған сырға берді.


"Достарымыз біз үшін әрқашан қуанып жүреді. Бірақ әрине, егер біз біртүрлі көзқарастағы сөздердің айтылғанын естіп қалсақ елемейміз. Махаббат дегеніміз махаббат, сондықтан басқалардың айтқандарына мән бермеуіңіз керек", - дейді Саймон.