"Өз оқушысын зорлаған": деген күдікпен ер адам іздестірілуде
Жетісу облысы Сарқан ауданында ер адам аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі күннен бері іздестіріліп жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Желіде тараған ақпарат бойынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қылмыс Сарқан қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен, администратор келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен, қылмыскер қашып үлгерген. Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шықты.
Қазір Сарқан құқық қорғаушылары оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқанд АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды: 102 немесе 8 (72839) 2-15-30, 87719787614.