"Өз оқушысын зорлаған": деген күдікпен ер адам іздестірілуде

1 620

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жетісу облысы Сарқан ауданында ер адам аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі күннен бері іздестіріліп жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Желіде тараған ақпарат бойынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.  Қылмыс Сарқан қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен, администратор келген. Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен, қылмыскер қашып үлгерген. Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шықты. 

Қазір Сарқан құқық қорғаушылары оны іздестіру жұмыстарын жүргізуде. 


“Ер адам 7 қарашада Сарқан қаласында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздестіріледі. Іздестіру шараларына аудандық бөлімшелердің қызметкерлері, сондай-ақ облыстық департаменттің жедел қызметкерлері қосылды. Полиция азаматтарға оны іздеуге және ұстауға жәрдемдесу туралы өтініш жасайды”, – делінген хабарламада.


Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқанд АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды: 102 немесе 8 (72839) 2-15-30, 87719787614.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.