Өзін өртемек болған ер адам әкімшілік жазаға тартылды

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринҚарағандыда «Горняк» базары маңында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болған ер адамға сот айыппұл салды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істі Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот материалдарына сәйкес, ер адам қоғамдық орында өз үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған. Ол айналасындағыларға балағат сөздер айтып, азаматтардың тыныштығын бұзған. Полицейлердің мәліметінше, 33 жастағы қала тұрғыны базар әкімшілігімен жанжалға түскен - өзіне тиесілі сауда контейнерлерін ала алмаған. Келіссөздерден кейін ол өз әрекетінен бас тартып, мәселені шешу үшін әкімдікке барған.

Құқық бұзушының кінәсі оның өз мойындауымен қатар, куәгерлердің айғақтары, бейнежазбалар және басқа да дәлелдер арқылы толық расталған. Іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша қаралды. Сот жаза тағайындау барысында құқық бұзушылықтың сипатын, айыпталушының жеке басын және бірқатар жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Атап айтқанда, оның кінәсін мойындауы, жасаған ісіне өкінуі, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы және созылмалы ауруының (астма) болуы назарға алынды. Сот қаулысымен ер адамға 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.