19 жастағы жігітті найзағай соғып, қаза тапты

1 511

Фото: ©ЖИ көмегімен жасалдыАқтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 22 - ші маусым күні Мәртөк ауданындағы Ақмоласай ауылы маңындағы далада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған.

"19 жастағы жігіттің мәйітінің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның өліміне электр тогының әсері, яғни найзағайдың түсуі себеп болған", – деп хабарлады полиция.

Төтенше жағдайлар министрлігі найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды. Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда ашық жерде жүрмеу, жеке тұрған ағаштардың астына паналамау және қауіпсіз ғимараттарда болу қажеттігі айтылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.