Сатушы несиесін төлеу үшін кассадан ақша жымқырған

1 611

Фото: Турар КазангаповҚарағандылық сатушы несиесін төлеу үшін өзі жұмыс істеп жүрген мекеменің кассасынан 1 млн теңгеден астам ақша жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінің кассасынан белгісіз біреудің ақша жымқырып жүргендігі туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері жүргізген тексеріс жұмыстары барысында бұл қылмысқа сол жерде жұмыс істейтін 35 жастағы сатушының қатысы бар екені анықталды.

Күдікті әйел бірнеше несие рәсімдегенін және оны жабуға ақшасының болмағанын мойындады. Сондықтан сатушы сол несиесін жабу үшін 4 ай көлемінде кассадан жасырын түрде ақша алып отырған. Соңында ол өзі жұмыс істейтін сауда орнына 1 млн теңгеден астам шығын келтірген.


Қазір ұрлық дерегіне байланысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.