9 жастағы бала тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, бауырларын құтқарып қалған

1 515

 Фото©️ Мақсат Шағырбаев / KazinformОқиға Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінде болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform ақпараттық сайтынан сілтеме жасап.

Мектепте істейтін ата-анасы жұмысқа кеткенде, үш бала үйде болған. Олар теледидар көріп отырғанда, кенет жарық сөнген. Сөйтсе, жатын бөлмеден өрт шығып, түтіндей бастаған. Батыр баланың әкесі Фазыл Тілекбергенұлы мән-жайды толық түсіндіріп берген.

Былтыр Жымпитыда 5 баланың өртеніп кету оқиғасы балам Бейбарыстың лезде есіне түскен. Шақалақ інісін бір қолына көтеріп, екі жастағы бауырын екінші қолына жетектеп, сыртқа алып шыққан. Сөйтіп, анасына хабарласып, үйдің өртеніп жатқанын хабарлаған. Бәріміз жалма-жан жүгіріп бардық. Ауыл әкіміне, өрт сөндірушілерге хабарластық, – дейді ол.

Сондай-ақ оның сөзінше, қызыл жалын жатын бөлменің сыртына орнатылған есептеуіш сымдарының тұйықталуынан тұтанған. Батыр бала Бейбарысты ауылдық округтің әкімі марапаттап, құрмет білдірген.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.