Ақша аударымдарына салық салынады ма?

1 777

Фото: Pixabay.comҚаржы вице-министрі Ержан Біржанов туыстар арасындағы ақша аударымдарына салық салу мәселесіне қатысты Салық кодексіне енгізілген түзетулер жайында пікір білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Біржановтың айтуынша, қазіргі уақытта мобильді аударымдарға мониторинг жүргізілуде және аударым сомасына қатысты қосымша критерий енгізуді көздейтін жаңа бұйрық әзірленіп жатыр.

"Бұл бұйрық бүгін қабылданған заң жобасынан кейін қабылдануы тиіс болатын. Заң қазірдің өзінде қабылданды, ол 60 күн ішінде күшіне енеді, содан кейін біз нормативтік-құқықтық актіні қабылдап, жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастаймыз. Қыркүйек айында іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Біржанов.

Вице-министрдің айтуынша, жақын туыстар арасындағы ақша аударымдарына салық салынбайды.

"Анасы қызына, әкесіне, бауырына ақша жіберсе, ешқандай мәселе болмайды. Тіпті аударым сомасы 1 немесе 2 миллион теңге болса да", –  деп түсіндірді вице-министр.