Жігітімен жанжалдасқан қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кеткен
Көкшетауда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп түскен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға сенбі күні Әуезов көшесінде болған. Бұл факт Көкшетау қаласының полиция басқармасында тіркелді.
Полиция мәліметінше, Volkswagen көлігінің ішінде жүргізуші мен қыздың арасында жанжал туындаған.
«Алдын ала анықталғандай, көлік қозғалысы кезінде Volkswagen маркалы автокөліктің жүргізушісі мен қыздың арасында сөзге келіспеушілік болған. Жанжал кезінде қыз көліктен жүріп келе жатып түсіп қалған. Соның салдарынан дене жарақатын алған», – деп хабарлады полиция.
Бойжеткен жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Қаз
Рус






