Белгісіз ер адам үйге баса-көктеп кіріп, 11 жастағы қызды зорлап кеткен
Алматыда ер адам мас күйде бөтен үйге баса-көктеп кіріп, 11 жастағы қызды зорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қыздың анасы айтты. Ер адам егер кішкентай қыз бұл әрекеті туралы біреуге айтса, анасын өлтіріп кететінін айтып, қорқытқан.
Сұмдық жайт болған күні ол жұмысқа ерте кеткен, үлкен қызы мектепте болған. Ал кіші қызы түстен кейін оқитындықтан үйде жалғыз қалған. Сол күні ер адам мас күйде үйге басып кірген. Күдікті шешініп, оқушы қызды қылқындырып, зорлап, артынша, егер бұл жайлы біреуге жеткізсе, анасын өлтіріп кететінін айтқан.
Ер адам үйден шығып кеткен кезде қыз бала бірден анасына хабарласқан.
Бұл жайттан кейін 11 жастағы қыз әлі өзіне келе алмай жүр. Әйел адамның сөзінше, олар пәтерге 2 апта бұрын көшіп келген. Олар бөлмені 70 мың теңгеге жалдап тұрады. Күдікті ер адаммен таныс болмаған.
Ер адамды полиция бірден ұстаған.