Сарбаз оқ тиіп, өмірімен қош айтысты

1 519

Фото: Sputnik / Игорь ПодгорныйМаңғыстау облысына қарасты Бейнеуде сарбаз көз жұмған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға полигонда жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде болған.

"Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді Қарулы күштер құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия барған.

Оқиғаны Бас прокуратура назарына алған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.