Қытаймен шекарадағы автожол пункттері жабылмақ

118
21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жабылмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұл күндері көрші елдің азаматтары мереке атап өтеді. 

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды, - деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитеті.


Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.