Жоқ қантты 100 млн теңгеге сатқан әйел бас бостандығынан айырылды
Өскемендік әйел 300-ге жуық тұрғынды алдап, жоқ қантты 100 млн теңгеге сатып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
ШҚО соттарына сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облысы соттары Insagram-дағы ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, Өскемен қаласының №2 соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша әйел қатысты бірнеше рет екі немесе одан да көп адамды алдып, бөтеннің мүлкін ұрлау яғни, алаяқтық айыптауы бойынша қылмыстық істі қарады.
Aзаматша қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы сомасы 102 миллион теңгеге жуық залал келтірген. Сот азаматшаны кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметі жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылғанын мәлім етті.
Үкім заңды күшіне енді.