Әкімдік 800 млн теңгеге жерді заңсыз иеліктен шығармақ болған

1 515

Фото: ©istockphoto.comАлматы әкімдігі жарты гектар жерді иеліктен мәжбүрлеп шығармақ болған, жердің нарықтағы құны 800 млн теңге,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, бұл әрекет жер заңнамасына қайшы келеді. Қадағалау барысында прокурорлар жер учаскесін жалпы пайдалануға арналған нысандар салу үшін пайдалануға қатысты заң талаптарының бұзылғанын анықтаған.Нәтижесінде әкімдіктің заңсыз қаулысының күші жойылды, прокурорлар 800 млн теңгеден астам қаржыны үнемдеген.

«Қадағалау барысында прокурорлар жер заңнамасының бұзылғанын анықтаған. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы орган 0,5006 гектар жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастау туралы қаулы қабылдаған.  Алматы қаласының Бас жоспарына сәйкес, бұл аумақта жалпы пайдалануға арналған нысандар салу көзделмеген. Соған қарамастан, әкімдік қолданыстағы заң талаптарына қайшы келетін шешім қабылдаған», - деп хабарлайды Алматы прокуратурасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.