370 миллион теңге пара алған полиция бастығы ұсталды

1 297

Фото:azattyq-ruhy.kzӘлеуметтік желіде Шымкент қалалық полиция департаменті қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы мен полиция аға лейтенанты ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке Шымкент қалалық полиция департаменті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бастығы, полиция полковнигі Бақтияр Баянов пен полиция аға лейтенанты Қуаныш Абдалин ілінген. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 370 миллион теңге. 

Аталған ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі түсініктеме берді.

“Аталған факті бойынша Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Ішкі істер министрлігі кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік қағидасын ұстанады”, – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.