RUB (0.00) 6.02 KZT
USD (0.00) 460.79 KZT
EUR (0.00) 490.51 KZT
Қоғам
160

Қызылордада 36 қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды

Қызылордада жол қозғалысы ережесін бұзған 36 қоғамдық көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің 450 қызметкері жұмылдырылды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде департамент қызметкерлерімен іс-шара уақытында жолаушы тасымалдауды жүзеге асырушы автобус, шағын көлемді автобус жүргізушілері тарапынан барлығы 1383 жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды.

Сонымен қатар облысаралық және қалааралық 585 қоғамдық көлік құралының жылыту, электр жабдықтары жағдайының сәйкестігі тексерілді.

Рейд барысында 36 қоғамдық көлік айып тұрағына қойылды, 35 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік белгілері алынды.