Көшеде қоқыс тастаған азаматтар 446 миллион теңге айыппұл төлеген

1 506

Фото:© ChatGPT көмегіменАстанада қоғамдық орындарды ластағаны үшін 13 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Медет Жалпыбаев мәлімдеді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы («Қоғамдық орындарды ластау») бойынша 13 276 құқық бұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 446 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. ӘҚБтК-нің 505-бабы («Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу») бойынша 31 952 құқық бұзушы анықталып, 53,5 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілген. Ал 344-бап («Көлік құралын пайдалана отырып, стихиялық қоқыс үйінділерін жасау») бойынша 43 адам жауапкершілікке тартылып, оларға шамамен 11 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. 

2026 жылдың басынан бері қоғамдық орындарды ластаудың 323 дерегі тіркеліп, құқық бұзушыларға 7,3 миллион теңге айыппұл салынған. Абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 18 мың жағдай анықталып, 35 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Сонымен қатар көлік арқылы заңсыз қоқыс үйінділерін жасаған 22 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара қолданылып, жалпы сомасы 4,7 миллион теңге айыппұл салынған.