Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притон анықталды

381

Фото: polisia.kz 147 Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған төрт притонды анықтады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 Притондардың барлығы жеке коттедждер сияқты көрінген. Бір қарағанда басқалардың назарын аудармайтын қарапайым үй.


– Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интимдік қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы жауапқа тартылды, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.