Елбасыға бөлінетін қаржылық шығындарды шектеп жатырмыз - сенатор

298

Елімізде 5 маусым күні Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өтетіні белгілі. Референдум қабылданса, Елбасыға берілетін артықшылықтар шектеледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Сенат депутаты Нариман Төреғалиев айтты. 

Бұған дейін біз де "Тұңғыш президент — Елбасы заңы" болды. Енді рефендум қабылданса, оның күші жойылады. Бұрын Тұңғыш президентке артықшылықтар берілген. Жаңа реформада оның бәрі шектеліп жатыр,— дейді депутат.

Оның айтуынша, Елбасыға берілген артықшылықтардың бәрі күшін жояды. Соның ішінде қаржылық ресурстар да шектеледі.